Қыдырбай Динара

1999жылы 22 наурызда Қызылорда қаласы КБИ мөлтек ауданында дүниеге келген.

2005 жылы КБИ мөлтек ауданындағы №197 Қазақ орта мектебінің 1в сыныбына қабылданып, 2015 жылы мектепті бітірді. Мектепте оқып жүргенде Оқушылар Сарайында «Вокал үйірмесі» бойынша 2 жыл білім алып, көптеген концерт, іс-шараларда бой көрсетіп жүрді.

 2015 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің Академиялық ән салу бөліміне, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ақдәулетова Қаракөз Ақжігітқызының сыныбына қабылданып, білім алып шықты. Колледжде көптеген конкурстарға қатысып лауреат атанды.

2018 жылы Нұрсұлтан қаласында өткен Музыкалық колледждер орындаушыларының ХХХIX Республикалық конкурсының «Академиялық ән салу» (сопрано) номинациясы бойынша III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды.Нұрсұлтан қаласында өткен XL Республикалық байқауда «Вокалдық ансамбль»номинациясы бойынша III ДӘРЕЖЕЛІ ЛАУРЕАТ атанды.Сонымен қатар Қызылорда қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Мұнда тек қана әншілік қана емес, сондай-ақ әртістік жақтарын да дамытып, өзін жақсы жағынан көрсетті. Мысалы «Аршын Мал алан», «Айсұлу» комедиялық операларында басты рөлдердің бірін сомдады. Колледжді 2019 жылы бітіріп шықты. Дәл жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясына «Вокалдық өнер» бөліміне Жұбаева Балапан Кенесовнаның сыныбына түсті. Консерваторияда оқып жүргенде көптеген опералық қойылымдарда өзін ерекше көрсетті. Жоғарғы білімін 2023 жылы тәмәмдады. Оқуды бітірген соң Қызылорда қаласына келіп,осында 2023 жылдың қыркүйек айынан 2024 жылдың наурыз айының басына дейін Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығында Отбасы орталығы мекемесінде «Вокал бойынша маман» болып жұмыс жасады.