Облыстық симфония оркестрі

2023 жылы Қызылорда облысының 85 жылдығына орай аймақ басшысының тікелей қолдауымен облыста тұңғыш рет облыстық филармония жанынан симфония оркестрі құрылды.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе.

Оркестр құрамына ішекті, үрмелі және ұрмалы аспаптар бойынша 30 кәсіби музыканттар қабылданып, ұжым 50 ден аса мамандардан жасақталды (бұрынғы камералық оркестрді қосу арқылы).

2023 жылы Астана қаласының 25 жылдығына арналған «Сұлу Сырдан-ару Астанаға» атты Қызылорда облысының өнер шеберлерінің Гала концертінде өнер көрсетті.