Ахметов Руслан Жұмабайұлы

Оркестр солисі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің және «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Ахметов Руслан Жұмабайұлы
Қызылорда облыстық филармониясының әртісі, Қызылорда облыстық филармониясының әртісі, Қорқыт Ата атындағыуниверситет Дәстүрлі өнер институты «Дәстүрлі музыка өнері және хореография» БББ оқытушысы,Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, Жиенбай жыр мектебінің өкілі.
1977 жылы 23 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік университетінің «Халық әні» кафедрасының түлегі. Халықаралық, республикалық «Ғасырлар үні» жыраулар конкурсының (2001, 2003, 2006 ж.ж.), халықаралық «Шабыт» жастар шығармашылығы өнер фестивалінің лауреаты. 2000 жылы Түрік елінде өткен халықаралық жастар фестивалінде ҚМУ-дың «Дидар» этнографіиялық-фольклорлық ансамблінің құрамында өнер сапарында болды. 2003 жылы Ақтау қаласында өткен республикалық жыршы-жыраулар конкурсының ІІ орын иегері.  Ол республикалық «Керулен» этнографиялықфольклорлық ансамблінің құрамымен  бірнеше шетелдерде
гастрольдік сапарларда болып өнер көрсетіп қайтты. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Астана қаласындағы облыстардың біріккен мерекелік концертінде Тұрмағамбет оркестрімен өнер көрсетіп, Елбасынан жоғары баға алды. 
Жыршының орындауындағы жыр-дастандары 2001, 2003, 2004 жылдары  «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Ауылдың алты ауызы», «Сыр сүлейлері» атты бағдарламаларына түсіріліп, жазып алынды. 
2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай мерекелік медальмен марапатталып, ҚР Мәдениет министрлігінің
«Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері атанды. 2014 жылы ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
2021жыл Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аймақ басшысының алғыс хатымен марапатталды.
2023 жылы Астана қаласының 25 жылдығына арналған «Сұлу Сырданару Астанаға» атты Қызылорда облысының өнер шеберлерінің Гала концертінде өнер көрсеткені үшін аймақ басшысының алғыс хатымен марапатталды.