Сүгірбай Марат Бердібайұлы
Қызылорда облысының Қазалы ауданында 1990 жылы 16 қазанда дүниеге келген.
2008-2012 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасынан білім алған.
2009 жылы өткен облыстық «Жыр керуен» жыршы-термешілер байқауының, 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында өткен республикалық «Кәнекей, тілім, сөйлеші» атты байқауының І орын иегері. 
2009 жылғы «Сүлейлер сөзі-саф алтын» атты аймақтық жыршы-термешілер байқауының ІІІ орын иегері. 
2010 жылы Арал ауданында өткен Нұртуған Кенжеғұлұлының 120 жылдығына арналған «Кәнекей, тілім, сөйлеші» атты жыршы-термешілер байқауынан ІІІ орын.
2011 жылы Шиелі ауданында өткен «Әлмырзаның әндері-ай» атты облыстық дәстүрлі орындаушылар байқауының І орын иегері
2012 жылы Шымкент қаласында өткен «Кәнекей, тілім, сөйлеші» атты дәстүрлі республикалық байқауының Бас жүлдегері. 
2012 жылы Шиелі ауданында өткен «Ән мен жырдың дүлдүлі – Нартай ақын» атты республикалық дәстүрлі орындаушылар байқауының арнайы жүлдесі
2016 жылы Тараз қаласында өткен республикалық Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы Жамбыл» атты жыршы-термешілер байқауының ІІІ орын иегері
2016 жылы Ақтөбе облысы, Алға ауданында өткен Әбубәкір Кердерінің 155 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық жыршы-термешілер байқауында бас жүлдегер.
2016 жылы Орал қаласында өткен Қаламқас Орашованы еске алуға арналған республикалық конкурстың ІІ орын иегері. 
2017 жылы республикалық Әз Тәукенің «Текей батыр» атты байқаудың 1 орын иегері.
2017 жылы республикалық «Текті сөздің төресі» атты жыршы- термешілердің конкурсында 2 орын иегері. 
2018 жылы  Қабылиса  атындағы «Жыр атасы Қабан жырау» атты І республикалық жыршылар конкурсының ІІ орын иегері атанды.
2020 жылы Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңестің «Қазақ мәдениетінің қайраткері» медалімен марапатталды.
2021 жылы Батыс Қазақстан облысында Марабай Құлжабайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жыр дүлдүлі-Марабай» атты республикалық – аймақтық жыршылар байқауынан жүлделі ІІ орынға ие болды. 
2022 жылы Ақтөбе облысында өткен «Азаттықтың ақ таңы» атты Балқы Базар Оңдасұлының 180 жылдығына арналған аймақтық термешілер байқауында I орын алды.
2022 жылы «Батыр баба» атты  жыр кешін өткізді.
2023 жылы «Аймақты әнмен тербетіп...» Республикалық байқаудан бас жүлде алды./ Ақтөбе/
2023 жылы бабалар ерлігін жырлау арналған «Батыр баба» атты концертін өткізді.
Жас та болса тынымсыз ізденісі мен шығармашылық еңбегі арқылы Сыр елінің мәдениеті мен өнерінің өрістеуіне өз үлесін қосып келеді. 
Сыр елі мәдениеті мен өнеріне қосқан зор үлесі үшін облыс әкімінің және мәдениет басқармасының бірнеше Алғысымен марапатталды.
 Сыр елі жыраулық өнерін халықаралық сахналарда насихаттап жүрген   өнер иесі.
 Гастрольдік сапарлармен Ресей Федерациясының Орынбор, Қазан қалаларында және Өзбекстан мемлекетінде өнер көрсетіп, ұлтымыздың болмысы- дәстүрлі өнерді насихаттап, Көптеген республикалық, облыстық жыршы-термешілер байқауларына қатысып жүлделі орындарды иеленіп жүрген өнерпаз.  
2012 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясында дәстүрлі орындаушы, жыршы болып жұмыс атқарып келеді.