1979 жылы симфониялық оркестр құрамында Москва, Ленинград, Новгородқа гастрольдік сапармен барып қайтты. Консерватория қабырғасында оқып жүріп спорттық турнирмен Москва, Одесса, Бішкек, Баку қалаларында болды.
1981 жылы консерваторияны аяқтап, армия қатарына қабылданды.
1983 жылы Қызылорда қаласындағы музыкалық училищесіне жұмысқа қабылданды.
1986 жылы «Сыр сұлуы» ансамблімен үлкен делегация құрамында Йемен Араб республикасында болды.
1986 жылы бірінші рет камералық ансамбль және камералық оркестр класын ашты.
1993 жылы Павлодар қаласында өткен І-республикалық Камералық оркестр фестиваліне қатысып, дипломант атағын алды.
1988 жылы Алматыда «Жігер» жастар фестиваліне қатысып дипломант атанды.
1990 жылы Шиелінің «Жас Дәурен» ансамбль құрамында Португалия елінде болды.
1992 жылы Қарағанды филармониясының симфониялық оркестрінің шақыруымен Санкт-Петербург, Новгород, Москва қалаларында гастрольдік сапарда болды.
1992 жылдан бастап колледж оқушылары халық аспаптары оркестріне жетекшілік етті.
1996 жылы Алматы қаласында өткен Қызылорда өнерінің күндеріне қатысып, өзі жетекшілік еткен камералық оркестр және ұлт аспаптар оркестрі үлкен табыстармен оралды. Алматыда өткен осы іс-шараға байланысты еңбегі бағаланып, облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.
1998 жылы Астана қаласында өткен Қызылорданың өнер күндеріне байланысты облыс әкімінің Құрмет грамотасымен екінші рет марапатталды.
1998 жылы Астана медалінің иегері.
1998 жылы Оқу ісінің үздігі атанды.
1999 жылы облыс әкімнің шешімімен Қызылорда музыкалық колледжінің директоры болып тағайындалды.
2000 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Дидар» фольклорлық ансамблімен Түркия елінде болды.
2003 жылы Облыс әкімшілігі жанындағы аспаптық ансамбль құрамымен Москва қаласына ресми сапарымен болды.
2005 жылы Облыс әкімінің «Өнер қамқоршысы» номинациясына ие болды.
2007 жылы Қызылорда қаласында ХХVІІІ Республикалық жас орындаушылар конкурсын ұйымдастырды.
2007 жылы Қызылорда облыстық филармония жанынан алғаш рет халық аспаптар оркестрін құрды.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2010 жылы ҚР Композиторлар одағының атынан «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.
2011 жылы ҚР президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2011 жылы ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медалімен наградталды.
2012 жылы 23-30 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Геонжи провинциясында жаңа технологияларды игеру тақырыбында өткен халықаралық біліктілікті арттыру курсына қатысты.
2013 жылы Облыс әкімінің «Қызылорда облысына – 70 жыл» медалімен марапатталды.
2014 жылы Ақтөбе қаласында өткен ҚР Композиторлар одағының 75 жыл толуына байланысты өткен Халықаралық фестивальде өнер көрсетті.
2014 жылы Германия Федеративтік Республикасының Фрайбург қаласы, Швейцария Федерациясының Базель қаласы, Франция Республикасының Страсбург қалаларында өткізілген «Еуропа елдерінде кәсіптік білім беру жүйесі» тақырыбында біліктілік арттырудың халықаралық курсына қатысты.
2014 жылы Қызылорда облыстық филармониясы жанынан алғаш рет камералық оркестрді құрды.
2014 жылы 26-31 қазан аралығында Германия Федеративтік Республикасының Фрайбург қаласы, Швейцария Федерациясының Базель қаласы, Франция Республикасының Страсбург қалаларында өткен «Еуропа елдерінде кәсіптік білім беру жүйесі» тақырыбында өткен халықаралық біліктілікті арттыру курсына қатысты.
2014 жылы – Облыс әкімінің 2014 жылғы стипендиаты.
2015 жыл «Мәңгілік ел- болашағы біртұтас ұлт» облыстық патриоттар форумынан «Шығармашылық жеңіс» номинациясымен дипломмен марапатталған.
2015 жылы «Мәдениет майталманы» номинациясының иегері.
2016 жылдың 25-27 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өткен Алматы қаласының 1000 жылдығы мен ҚР Тәуесіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында «Әуен Fest» атты камералық оркестрлер фестивалінде К.Ш.Бутабаевтың дирижерлік етуімен жүлделі ІІІ орын лауреат атанды.
2015 ж. – Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның 70 жылдық мерейтойында І-Халықаралық «Түркі мұрасы» дирижерлар фестивалінен диплом.
2016 жылы - Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы «Құрмет» орденімен марапатталды.
2017 ж.- Қызылорда облыс әкімінің Алғыс хаты
2018 жылы «Түрксой» халықаралық ұйымының 25 жылдығына орай Түркияда өткен концертке қатысып, осы іс –шарада М. Төлебаев атындағы медальмен марапатталды.
2018 жылы облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2018 жылы «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» медалінің иегері.
2018 жылы Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай қала әкімінің мерекелік медалімен марапатталды.
2022 жылы Қызылорда облысының білім басқармасының Алғыс хаты
2022 жылы Қорқыт ата атныдағы Қызылорда университетінің Құрметті профессор атағы берілді
2022 жылы Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды
2024 жылы Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты.