Әмзе Мүсілім Балтабайұлы
1977 жылы 23 қаңтарда Түркістан облысы, Келес ауданында
дүниеге келген. Отбасылы. 1995 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыка колледжін халық аспаптары бөлімінің «домбыра» мамандығы және шекті аспаптар бөлімінің «контрабас» мамандығы бойынша қатар
тәмәмдаған.
2000 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын халық аспаптары факультетін «домбыра» мамандығы және оркестр факультетін «контрабас» мамандығы бойынша қатар тәмәмдаған.
2010 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «опера-симфония дирижері» мамандығы бойынша бітірген.
2014 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы магистратурасын аяқтаған. Өнертану ғылымының магистрі.
2019 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының докторантурасын аяқтаған.
2017 жылдан ҚР композиторлар Одағының мүшесі.
2017 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алды.
2021 жылы 2 наурызда ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен өнертану мамандығы бойынша «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы
берілді.
2022 жылы 21 қарашада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ «6D040500 – "Дирижерлеу" БББ бойынша «Қазақстанның дирижерлік өнері: қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері»
тақырыбында диссертация қорғап, философия докторы (PhD) академиялық дәрежесін алды.
2008–2014 жылдары А. Жұбанов атындағы РҚМММИ симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі
және дирижері.
2008 жылы дирижер В. Папянның жетекшілігімен Ашдод симфония оркестрінде (Израиль),
2009 жылы профессор Т. Мыңбаевтың жетекшілігімен Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясында,
2017 жылы дирижер Георг Фритц жетекшілігімен Munchen Simphoniker (Германия) оркестрінде
тәжірибеден өткен.
2009 жылдан ҚР мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің дирижері. Алғашқы дебют концертін Израильдің Ришон ле-Зион және Ашдод қалаларында өткізді.
2008–2023 жылдары Н. Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері қызметін атқарды. Токионың Персимон-Холл сахнасында өнер
көрсеткен.
2010–2012 жылдары Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының
дирижері.
2011–2023 жылдары П. Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі симфония оркестрінің
көркемдік жетекшісі және дирижері болды.
2019–2023 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы.
2020 жылдан Қызылорда облыстық филармониясының музыкалық жетекшісі.
2022 жылдан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры.
2023 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясы симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері.
2023 жылдан Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыка колледжінің директоры м. а.