
Құралай Владимирқызы 1996 жылы 23 сәуірде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Төребай би ауылында дүниеге келген. 2002 жылы №199 орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 2011 жылы 10 сыныпты аяқтайды. 2012 жылы Жосалы кентіндегі Т.Көмекбаев атындағы №250 дарынды балаларға арналған орыс-қазақ мектебінің 11 сыныбына қабылданып, 2013 жылы мектепті «Алтын белгімен» аяқтайды. 2013 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне «Журналистика» мамандығы бойынша оқуға қабылданып, 2017 жылы Үздік аяқтайды. Президенттік шәкіртақы иегері. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасады. 2017-2019 жылдары Қорқыт ата университетінен Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша магистратурада білім алады. Педагогика ғылымдарының магистрі.
2016-2022 жж. – Республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық «Халық» газеті, тілші;
2022 ж. сәуір-маусым – Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Рухани жаңғыру» орталығы КММ, маман;
2022 ж. маусым-қазан – Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» орталығы КММ, сарапшы;
2022-2024 жж. – Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де аға кеңесші, баспасөз хатшысы;
2024-2025 жж. – «Your English school – YES» ағылшын тілі тереңдетілген жеке бастауыш мектебінде оқу ісі жөніндегі директор орынбасары;
2025 ж. қазіргі сәтте – Қызылорда облыстық филармониясының Баспасөз хатшысы
2023 жылдан бастап – «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігінің штаттан тыс баспасөз хатшысы.
Жетістіктері:
- «Ұлт руханияты: Отбасы. Өнеге. Құндылық» III облыстық әйелдер форумында «Жас қаламгер» номинациясының иегері, 2017 ж;
- Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың Алау эстафетасының өңірлік кезеңінің алаугер қатысушысы, 2017 ж;
- Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында Журналистика мамандығы бойынша пәндік олимпиадасының «Ең үздік бейнесюжет» номинациясының игері, 2015ж;
- Журналист Сахитжан Бермағанбетовті еске алуға арналған «Жарқ еткен жасын ғұмыр» атты эссе байқауында Қазақстан-Қызылорда телеарнасының арнайы жеңімпаз дипломының иегері, 2015 ж;
- Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай қала әкімінің кәсіби біліктілігі үшін «Ұшқыр қалам» номинациясының иегері, 2017 ж.