Облыстық филармонияның басшысы
Қызылорда қаласында туған (19.02.1974 ж.). 1996 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің музыка-педагогикалық факультетін бітірген. Еңбек жолын 1996-1997 жылдары №4 әуез мектебінде мұғалім болып бастап, 1997-2002 жылдары Қызылорда қаласы әкімдігінде маман, жетекші маман, 2002-2004 жылдары қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, облыстық мәдениет басқармасының бас маманы, 2006-2008, 2009-2011 сәуіріне дейін облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени - продюсерлік орталығының директоры, 2008-2009 жылдары облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің директоры қызметтерін атқарды. 2009 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісіне ие болды.
Елбасының 2016 жылғы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
2017 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен, 2019 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризим және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» медалінің иегері.
2023 жылы Астана қаласының 25 жылдығына арналған «Сұлу Сырдан ару Астанаға» атты Қызылорда облысының өнер шеберлерінің Гала концертінде өнер көрсеткені үшін аймақ басшысының алғыс хатымен марапатталды.
2011 жылдың сәуір айынан бастап облыстық филармонияның директоры.