Іздіқұлова Азиза Гәжденбекқызы

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, «Октябрь» (қазіргі Қоғалыкөл ауылы) совхозында 1973 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Қызылорда музыкалық училищесінің хорды дирижерлау мамандығы бойынша және «Болашақ» университетінің «Өнер тану» бөлімін бітірген. Еңбек жолын МИС (қазіргі Баймұрат батыр ауылы) поселкасының балабақшасында көркемдік жетекші қызметінен бастаған.

1995-1996 жылдары ауылдық мәдениет Үйінің директоры, Сырдария аудандық мәдениет Үйінің әдіскері, осы мәдениет Үйінің көркемдік жетекшісі, қалалық мәдениет Үйінің көркемдік жетекшісі, облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының әдіскері, мәдени-продюссерлік бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2008 жылдан бастап облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі, 2014 жылдан директорының орынбасары.

Облыстық филармония жұмысының көркемдік деңгейін арттыруға өзінің сүбелі үлесін қосып, филармонияның шығармашылық іс-қағаздарын жолға қоя білді. Ұтымды репертуар таңдау, концерттердің сапасын арттыру, гастрольдік сапарларды ұйымдастыру, ақылы қызметті орындау, филармония әртістерінің шығармашылығын шыңдау, әр түрлі жанрдағы концерттерді көбейту сияқты мекеменің негізгі қызметін анықтайтын міндеттерге үлкен жауапкершілікпен қарап, талғампаздықпен орайластырып отырады.

2000 жылы «Музыкальный вояж» жастар фестивалінің лауреаты атанып, Қызылорда қаласы бойынша «Ең үздік мәдениет қызметкері» номинациясын жеңіп алса, 2002 жылы Елбасының арнайы «Алғыс» хатымен марапатталды. Жалпы мәдениет саласында қызмет атқарған 28 жыл ішінде көптеген марапаттарға ие болды. 2017 жыл ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет» грамотасымен, 2018 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. СМС және Ақпарат қызметтері қоғамдық бірлестігінің «Құрмет белгісі», әр жылдардағы аймақ басшыларының «Алғыс» хаттарымен марапатталған.

Сценарист, облыс және республика  көлеміндегі концерттердің идеялары авторы және режиссері, «Таусылмасын ертегім» балаларға арналған облыс көлеміндегі алғашқы балалар мюзиклның авторы, режиссері, облыстағы алғашқы инклюзивті «Арман» театрының қойылымдарының авторы және режиссері, «Еуразия» халықаралық қорының қаржылық қолдауымен «Гендерлік теңсіздік мәселелерін шығармашылық қойылымдар арқылы шешу» жобасы аясындағы А.Ізденнің «Жанымның ұясы» спектаклінің қоюшы-режиссері,

«Еуразия» халықаралық қорының қолдауымен «Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту арқылы NEED санатындағы жастар отбасы балаларын әлеуметтендіру» жобасы аясындағы «Кұмырсқалар, аралар» қойылымының қоюшы-режиссері,  Қызылорда облысының әлеуметтік даму басқармасы «Жастар бастамаларын дамыту» жобасы аясындағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті студенттерінің қатысуымен А.Ізденнің «Жұма кеші» спектаклінің қоюшы-режиссері.

2024 жылдың 2 қыркүйекгінен бастап өз өтінішімен қызметінен босатылып, келісімі бойынша облыстық филармонияның режиссёрі қызметіне ауыстырылды.