БІЗ БІРГЕМІЗ
29 сәуір -Халықаралық би күніне арналған Қызылорда облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Студенттер сарайында «Біз біргеміз» атты қайырымдылық концерті өтті.
Мемлекетіміздің көптеген аймақтарында орын алып жатқан су апаты барша қазақ жұртын алаңдатып отыр. Табиғи апаттың халқымыздың тұрмыс тіршілігіне әкелген зардабы мен шығыны ауыр және бұл жағдайға Сыр өңірінің бишілер қауымы да бей-жәй қарай айлматынын алға тартып, бауырларымызға қаржылай жәрдемдесу мақсатында облыстық филармонияның ұйымдастыруымен өткізілген концертке атсалысып, киелі сахна төренде өз өнерлерін көрермен қауымға паш етті.
Айта кетейік, концерттен түскен қаржы Құлсарылық бауырларымызға жолданады.
Концерттің билеттерін сатуға ықпал жасаған би ұжымдарының жетекшілеріне және би өнерінің жанашырлары мен балаларын осы өнерге баулып келе жатқан ата-аналарымызға шексіз алғысымызды білдіреміз!
Әрқашан еңбегіміздің алғысына бөлене берейік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Біз біргеміз!