ДОСТЫҚ САЗЫ
Қызылорда облыстық филармониясы ұжымы Өзбекстан Республикасы Науаи облысында Әйтеке би Байбекұлының 380 жылдығына арналған “Достық сазы” атты концертін тарту етті.
Концертте:
“Ақмешіт” фольклорлық ансамблі, “Томирис” би ансамблі, “Құрмет” орденінің иегері Ш.Бимбетова, “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері А.Ноғайбаева, “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері М.Сәрсенбаева, халықаралық конкурстардың лауреаттары Б.Төлеубай, М.Сүгірбай, айтыскер жас ақын әрі жырау Б.Орынбасар, әнші А.Табынбаев, Б.Қарғабаев, С.Тасбергеновалар өнер көрсетіп, көрермендердің ерекше құрмет -қошеметіне бөленді.
Айта кетейік, көрерменнің ерекше қошеметіне айналған концерт Қызылорда облысы және Науаи облысы арасындағы әріптестік байланысты күшейту және екі жакты ынтымақтастықты дамытуды кездейтін арнайы Жол картасы аясында ұйымдастырылған Әйтеке би Байбекұлының 380 жылдығына арналған “Достық сазы” атты концертін Қызылорда облыстық филармониясы ұжымы Өзбекстан Республикасы Науаи облысында өткізді.