ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНДА ӨРТ ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛДІ
2025-02-12

Өнер орталығы ғимаратында Қызылорда қаласының өрт сөндіру бөлімдері, Апаттар медицинасы орталығы мен арнайы қызмет өкілдері және филармония қызметкерлерінің қатысуымен кең масштабты оқу-жаттығу жиыны өткізілді. 
Қала тұрғындары көп шоғырланатын өнер ордасының қауіпсіздігін бақылауға алу, апаттық жағдайлардың алдын алу және болдырмау – өте маңызды әрі кезек күттірмейтін мәселе. Осы орайда, арнайы мекемелер тікелей мүдделестік танытып, қауіпсіздік шараларын қызметкерлерге түсіндіру бағытында дайындық жұмыстарын жасады. Оған арнайы және көмекші техникалар жұмылдырылып, жеке құрам шартты тапсырманы кәсиби негізде орындады.