«AI-ARU» БИ АНСАМБЛІ «АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ» ИЕГЕРІ
2025-04-27
✨Сәуір айының 25-26-ы күндері түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласында республикалық «TURAN DANCE» би байқауы өтті. Оған Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Жетісу және Шымкент облыстарынан 17 кәсіби би ұжымы қатысып, өзара бақ сынады. Екі күнге жалғасқан би байқауында конкурсанттар халықтық және заманауи би жанрлары бойынша сынға түсті.
✨Байқау нәтижесінде, Түскістан төрінде Сыр елінің намысын қорғаған «AI-ARU» заманауи би ансамблі жоғары деңгейде өнер көрсетіп, байқаудың Арнайы жүлдесін жеңіп алып, дипломант атанды. Сыйақы қоры — 150 000 тг.
????Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Замира Стықбаева
Қазылар алқасы бишілердің техникасына, хореографиясына, эмоциялық әсеріне және музыканы сезінуіне, қозғалыс динамикасына қарай бағалады.
????????Айта кетейік, байқау «29 сәуір — Халықаралық би күніне» орай ұйымдастырылды.
Жүлде құтты болсын, әріптестер