ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ ТОҒЫСҚАН ЖЫР КЕШІ
2025-04-30

Бүгін жырсүйер қауым үшін ерекше рухани кеш өтті! "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, дәстүрлі өнердің дарабозы Руслан Ахметовтің орындауындағы “Кенесары–Наурызбай” тарихи жыр-дастаны көрерменге ұсынылды.
Жыр – шежіре, жыр – тарих! Бұл туынды арқылы азаттық жолындағы күрес, батыр бабалардың ерлігі көркем жыр тілімен жаңғырып, тыңдаушыны терең тебіреніске бөледі.
