БЕРЕКЕЛІ БЕСАРЫҚ БІРЛІК КҮНІН АТАП ӨТТІ
2025-05-01

1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүниежүзіне үлгі болған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Достық пен келісім жарасым тауып, бір шаңырақ астында өмір сүретін ұлттар мен ұлыстардың бірлігін бекемдейтін бұл мереке ел тұрғындары үшін айтулы маңызға ие.



Кеш соңында ауылдың сексеннің сеңгіріне шыққан абыз ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарына мерекелік сый-сияпат табысталып, ауыл тұрғындары өнер ұжымымен естелік суретке түсті.