БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК ТАРТУ
2025-05-08

Бүгін «7 мамыр — Отан қорғаушылар күні» қарсаңында «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы ерекше балаларға базарлық жасады. Өнер ұжымы «№2 облыстық балалар оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілеріне шытырман оқиғаға толы «Құмырсқаның айласы» қойылымын сахналап, естен кетпес ерекше сәт сыйлады.


Ақылды құмырсқа және оның достарының қызықты да көңілді оқиғасы балаларға үлкен қуаныш сыйлап, ұмытылмас мерекелік тарту болды.