АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
2025-05-13

Бүгін «Өнер» орталығында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, оған қарсы əрекет түрлері жəне теріс діни ағымдардың таралуын болдырмау мақсатында ақпараттық семинар өткізілді. Семинарға «Қызылорда облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің аға маманы Б.Оспанов қатысып, мекеме қызметкерлеріне «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған әдіс-тәсілдер. Радикалды діни көзқарас» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

