ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 180 ЖЫЛ
2025-05-16
Бүгін Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектепте «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің ұлттық музыка кеші өтті. Өнер ұжымы ұстаз, ақын, ағартушы-философ Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған концертте классикаға айналған халық мұрасының жауһарларын көрермен назарына ұсынып қайтты.
????«Ақмешіт» – ұлттық музыка мен дәстүрлерді насихаттап, халық шығармашылығының даралығын сақтап жүрген Сыр елінің жетекші өнер ұжымдарының бірі.
????Көркемдік жетекшісі – Нұрғиса Нұрбай
⚜️Концерт бағдарламасы ұлттық музыка өнерінің үздік туындыларын, күй, ән және олардың заманауи халықтық интерпретацияларын қамтыды. Әрбір орындау көрерменге ұмытылмас музыкалық әсер сыйлады.
????Кеште ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Рауза Ысқақова, Эльмира Қалхожаева және Республикалық конкурстардың лауреаттары Бисенбек Төлеубаев пен Бағдәулет Қарғабаев өнер көрсетті.
⚜️Ұлттық музыка ұлықталған кеште білім ордасының басшысы А.Уткелбаева шығармашылық топқа барша ұстаздар қауымы атынан алғысын білдіріп, естелік сыйлық табыстады.