БІР ҮН – ҮШ ӘЛЕМ
2025-05-16
Сазды музыка, жүрек қылын қозғаған скрипка үні және көңілі толқыған көрермен...
Бүгін Отбасы орталығында Халықаралық конкурстардың лауреаты, Швейцариялық «LYRA STIFTUNG» фондының степендианты, симфония оркестрінің әртісі Әсел Сейітжанованың жеке скрипка кеші өтті. Кеште классикалық музыканың таңғажайып үні көрерменнің ішкі сезім күйлеріне әсер етіп, рухани жан дүниесін терең қозғады. Ғажайып музыка, сирек әуен тыңдармандарды ұмытылмас әсерге бөледі.
????Классикалық музыка салтанат құрған кеш әлемге әйгілі композиторлар И.С.Бах және Э.Изаидің шығармаларымен қатар, халық күйшісі Құрманғазының “Төремұрат” күйімен көмкерілді.
Кешке келген тыңдармандар талант иесінің өнеріне тәнті болып, ризашылықтарын білдірді.