ЖЫР ТЕРБЕГЕН СЫР ЕЛІ
2025-05-17

Қызылорда – қашанда ұлт руханиятының ордасы болған. Өнерге өңір халқы ерекше құрметпен қарайды. Осы орайда облыстық филармония ұжымы аймақтағы руханият пен өнердің алтын діңгегі ретінде өз көрермендерін қуантудан жалыққан емес.

Керемет кеште ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері әнші, сазгер Индира Елубаева және Гүлфира Әлиханова, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Н.Омар, Д.Қыдырбай, Б.Серік, О.Нұралиев және «Ai-Aru» заманауи би ансамблі өнер көрсетіп, көрерменге ерекше эстетикалық кеш сыйлады.
Ауыл тұрғындары өнер иелерінің шығармашылығына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.