БАТЫР САЛҒАН ӘН ҚАНДАЙ?
2025-05-18
Бүгін талантты жерлесіміз, виртуоз музыкант, әнші-композитор Батырхан Шөкеновты еске алуға арналған “Батыр салған ән қандай?” атты ән кеші өтті.
Шарада Батырдың ағасы Мүсірәлі Шөкенов сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті. Сыр өнерпаздарына отбасының атынан алғысын білдірді.
"Сыр самалы" және "Мереке" вокалды аспапты ансамбльдері өнер көрсетіп, қызылордалықтарға ерекше естеліктерге толы кеш сыйлады.
Естеріңізге салайық, бүгін біртуар талант иесі Батырхан Қамалұлының туған күні.
Көзі тірі болғанда өнер иесі биыл 63-інші көктемін қарсы алар еді.