ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
2025-05-21
Белгілі жырау, ұстаз, Мәдениет саласының үздігі Айбек Тәңірбергеновті Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен берілген «Ерен еңбегі үшін» медалімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл марапат — Сіздің жылдар бойы халық мұрасын насихаттап, дәстүрлі өнерді дамытуға қосқан өлшеусіз үлесіңіздің, қажырлы еңбегіңіздің жарқын көрінісі.
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында алған мәртебелі марапатыңыз құтты болсын!
Шығармашылығыңыз шалқар, абыройыңыз асқақ болсын!
Ұлттық өнеріміз ұлықтала берсін!