ҚҰРМЕТ ПЕН МАРАПАТ
2025-05-21

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткен салтанатты шарада Сыр руханиятына өлшеусіз үлес қосқан бірқатар әріптестеріміз марапат биігінен көрінді. Мерекелік жиында Мәдениет қайраткері, өнер саласында 40 жылға жуық қызмет атқарған филармония әртісі Үміт Еменқызына «Құрмет» ордені табысталды.


Сыр өңірі талай таланттар мен дүлдүлдер түлеп ұшқан қасиетті аймақ. Өнері мен руханияты осындай мәдениет майталмандары барда өміршең болары сөзсіз.
Марапаттарыңыз құтты болсын!