ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ

0
700

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында мәдениет саласына қатысты міндеттерді жүзеге асыру, қоғамдағы моральдық-адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, қоғамдағы мәдениет деңгейін көтеруге, халықтың дәстүрлі негіздерін дамыту және қоғамға жалған құндылықтардың енуіне қарсы тұруға, отбасы және неке институтының рөлімен маңызын арттыру мәселелері бойынша аймақ тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу тетіктерін қарастыру көзделген.

Осы мақсатта Қызылорда облыстық филармониясы мүдделі орган мамандарының қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризм идеологиясынан және террорлық жалған ақпараттардан сақтану жолдары», «Ланкестік және террорлық қауіпі туралы жалған хабарлама берудің жауапкершілігі», «Терроризмге қарсы қорғалу дәрежесін арттыру» және «Діни экстремизм-опат болудың жолы», «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы және олардың қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау» тағыда басқа тақырыптарда филармония қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жиналыстарды филармонияның жылдық жоспарына сәйкес тұрақты түрде өткізіп отырады.

      Жалпы терроризм мен экстремизмнен қалай сақтанып отырудың жолын көрсететін мұндай түсіндірме жұмыстарының маңызы зор деп есептеймін.

Біздер Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде террористік, экстремистік әрекеттердің алдын-алуға үлес қосуымыз керек.

Азиза ИЗДИКУЛОВА,

Қызылорда облыстық филармониясы

директорының орынбасары

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь