ШОЛПАН БИМБЕТОВА

0
917

«Құрмет» ордені және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісің иегері

Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл станциясында  1973 жылы  дүниеге келген. 1991-1993 жылдар аралығында Жезқазған мәдени-ағарту училищесін,1994-1998 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жыраулар кафедрасын бітірген. Университет қабырғасында жүріп халықаралық деңгейдегі конкурстарға қатысып лауреат атанған. Репертуарындағы негізгі ұстанымы Арал өңірі Нұртуған ақын жыр мектебінің мақам саз үлгілері. Оның ішінде Нұртуған ақынның шығармалары Жаңаберген, Дәріқұл, Жаппарберді жыраулардың терме, жыр, толғауларын орындайды.

Бүгінгі таңда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  «Музыкалық білім және дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының  академиялық  доценті. 2012 жылдан бастан Қызылорда облыстық филармония әртісі қызметін атқарады.

        2017 жылы қыркүйек айында Ақтөбе облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен Көкжар жәрмеңкесінің 150 жыл және Ақтөбе облысының 85 жылдығына арналған «Жан серігім-домбыра» атты аймақтық дәстүрлі әнші-жыршылар байқауында І орын иеленді.Сонымен қатар Текей Қарпықұлының 350 жылдығына арналған республикалық жыраулар сайысының ІІІ орын иегері.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен  16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Құрмет» орденімен марапатталды.

2021 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен наградталған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь