Колледждегі концерт

0
455

Қызылорда облыстық филармониясының «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары аясында және Жастар жылына орай И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық жоғары колледжінде концерт өткізді.

Концертте домбырадан күй төгіліп, өнерпаздар сахна тө­рінде ән шырқады. «Домалатпай», «Жыр бастау», «Арбакеш», «Бабалар мекені», «Балымша», «Аралдағы же­ңе­ше-ай», «Қарай көзім» тә­різ­ді әндер көрермен көңілін серпілтті.

Шара соңында колледж дирек­торының оқу-тәрбие жұ­­мысы жөніндегі орынбасары Бауыржан Сайдуллаұлы ансамбль ұжымына риза­шы­лығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь