ӨНЕР ҰЖЫМЫНЫҢ ГАСТРОЛЬДІК САПАРЫ

0
583

Облыстар арасындағы шығармашылық тәжірибе алмасу, Қазақстан мәдениетінің музыкалық мұрасы мен дәстүрлерін сақтаудың, әлемдік және отандық музыка жауһарларын дәріптеудің негізінде облысаралық меморандум жасалған болатын. Осы шара аясында облыстық филармония ұжымы «Қызылорда – сұлу Сырдың  қаласы» атты концертімен Шымкент және Тараз қалаларында болып қайтты.

Сапар барысында Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Күреңбел ауылы да қамтылды. Концерттік бағдарламада «Томирис» би ансамблі, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің ие­гері Ү.Медеуова, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері А.Ноғайбаева, жырау М.Сүгірбай, эстрадалық орындаушылар Б.Молдабергенов, А.Қыдырбек, классикалық ор­ын­даушылар М.Мақұлбеков, Ж.Жүсіпов сынды Сыр елінің мақтаныштары көрермендердің жоғары бағасын алып, қошеметіне бөленді.

Сонымен қатар Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «Қызылорда – Сырдың сұлу қаласы» атты концерттік бағдарлама өңірімізде жал­ғасты. Шиелі ауданының Бәйгеқұм, Балаби, Нартай, Еңбекші, Сұлутөбе ауылдарында «Жібек жолы» ән-би ансамблі гастрольдік сапарда болып, тұрғындарды киелі өнермен сусындатып қайтты.

Қаланың екіғасырлық тойы аясындағы бұл шара Сырдария ауданында жалғасын тапты. Ауданның бірқатар елді мекендерінде «Кер­уен» ән-би ансамблінің кон­церті  ұйым­дастырылды. Гастроль­­дік сапар барысында А.Тоқ­мағамбетов, Шіркейлі, Іңкәр­дария, Ақ­жарма, Бесарық, Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылдары қамтылып, филармония өнер иелері сыр­дариялықтарға рухани демалыс сыйлады.

Сондай-ақ, сұраныс бойынша филармония концерт залында облыстық жобалық кең­се аясындағы «Ля-ля-фа» балалар мюзикл студия­сы өз көрермендеріне Т.Бекарыс­та­нов­тың «Таусылмасын ерте­гім» атты қойылымын ұсынды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь