Рухы биік жастармыз

0
436

Қызылорда облыстық филармониясы екі жыл бұрын Елбасының бастамасымен қолға алынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Жастар жылы» аясында 12 сәуір күні Шиелі ауданының Ы.Жақаев, Бидайкөл ауылдарында гастрольдік сапарда болып «Рухы биік жастармыз» атты концерт ұйымдастырды.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың қоғам өміріндегі барлық дерлік саланы қамтыған бағдарламалық мақаласына 2 жыл толуына орай шалғай ауыл тұрғындарына рухани демалыс сыйлап, ән-жырмен сусындатуды мақсат еткен концерттің бағдарламасында филармония өнер иелері Б.Молдабергенов, А.Наукеева, М.Сүгірбай, Б.Төлеубаев, О.Нұралиев, Н.Нұраддинова патриоттық тақырыптағы әндер мен арнаулар орындап, Елбасы мақаласын насихаттауға өз үлестерін қосты.

Аталған концерт 16 сәуір күні Жөлек, Бәйгеқұм, Балаби ауылдарында жалғасын тапты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь