Рауан-ырғақ, би-ғалам

0
542

2021 жылдың 19 наурызы күні  облыстық Н.Бекжанов атындағы музыка драма театрында «Томирис» би ансамблінің  «Рауан-ырғақ, би-ғалам» атты концерті өткізілді. Сыр өңірінің сахна сәніне айналған би ұжымының бағдарламасында ансамбльдің негізін қалаушы, Бас балетмейстері Гүлбану Мырзабаеваның «Самал сезім», «Қыз дәурен-ана ғұмыр», «Сақ. Тұмар ханым», «Бұрымды қыз-Құралай», «Әлдену», «Ерке бала», «Ғашықтың тілі тілсіз-тіл» би қойылымдары сахналанды. Сонымен қатар А.Шамшиевтің «Қылықты қыздар», «Аманат» би қойылымдары, Б.Ағиярдың «Жайлауда», Н.Таирдың «Қазыналы қазағым» билері орындалды. 

Ғалымжан Ұлықпан мен Анастасия Мусинаның орындауында  Р.Таймановтың «Қазақ қызы» композициясы, Сымбат Тасбергенованың орындауындағы Е.Хасанғалиевтің «Нұрлы таң» әндері көрермен көңіліне қуаныш сыйлады.

 Ұтымды идеясымен, орындаушылық тәсілдерінің ерекшелігімен жарқырай түскен би ұжымының әсерлі кешінде сахналанған қойылымдар Сыр жұршылығының көңілінен шығып, анмамбльдің алдағы шығармашылық дамуына сәттілік тіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь