«Мейірім-жүректе» атты қайырымдылық концерт өтті

0
363

Қайырымдылық- ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі. «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында қамкөңіл қарияларға рухани демеу беру мақсатында Қызылорда облыстық филармониясының өнер ұжымы 18 маусым күні № 1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Мейірім-жүректе» атты қайырымдылық концерт берді.

Аталған шара санитарлық ережеге сәйкес орталықтың ауласында өткізіліп, жаздың жаймашуақ күні қариялар үшін мерекеге айналды.

Концерттік бағдарламада Сыр елінің айрықша өнер иелері «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Үміт Медеуова, жырау Әділхан Қуаңбаев, Бисенбек Төлеубай, Бағдаулет Қарғабаев және Бекзат Молдабергенов ән мен жырдан шашу шашып, қарттар үйінің ауласы думанға толы болды.

Аталмыш шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

#ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ

#МАРАФОНДОБРЫХДЕЛ

#СЫР_МАРАФОНЫ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь