Күй анасына арналған кеш

0
413

Қызылорда облыстық филармониясының ұйымдастыруымен 29 маусым күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Қазақ КСР Халық әртісі, күйші-композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай дала композиторларының шығармашылығына арналған «Күй – мұра» атты концерт өтті.

Концертте Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, «Құрмет» орденінің иегері Самал Байсейтова, республикалық байқаулардың лауреаттары Сымбат Тасбергенова, Ақылбек Табынбаев, күйшілер «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әлімжан Абсадықов, Алдияр Шағдатов, Болат Күзембаев өнер көрсетті.

Оркестр дирижеры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе.

Концерт шымылдығы оркестрдің орындауындағы Дина Нұрпейісованың «Тойбастар» күйімен ашылды. Сондай-ақ, халқымыздың мақтанышына айналған дәулескер күйшінің «Партия туралы», «Он алтыншы жыл», «Байжұма», «Бұлбұл», «Әсем қоңыр» «Науысқы» және т.б. шоқтығы биік күйлері орындалды.

Кеш барысында өнерсүйер қауым күйші – композитор жайлы бейнесюжеттерден үзінді тамашалап, Дина Нұрпейісованың орындауындағы бірнеше күйлерді тыңдады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь