Ұлттық домбыра күні аталып өтті

0
353

4 шілде күні – Ұлттық домбыра күніне орай Youtube желісіндегі «Сыр шаңырағы» каналында, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Қызылорда облыстық филармониясының Facebook парақшаларында қазақ КСР халық әртісі, күйші-композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай «Күй – мұра» атты онлайн-концерті берілді. Сондай-ақ, атаулы мерекеге орай Нұр-Сұлтан қаласында өткен салтанатты концертте еліміздің барлық өңірлеріндегі халық аспаптар оркестрлерінің қатысуымен бір мезетте Құрманғазының «Сарыарқа» күйі орындалып, онда Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі де онлайн өнер көрсетті. Сонымен қатар оркестр әртісі, күйші, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ә.Әбсадықовтың бастамасымен «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» атты онлайн-челленджі күйшілер мен домбыра шертер әрбір қазаққа жолданды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь