“Ақмешіт” фольклорлық ансамблі жүлдемен оралды

0
193

2021 жылдың 13 қазан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Тараз қаласында өткен «Көне Тараз күмбірі» ІІ Республикалық фольклорлық ансамбльдер конкурсына “Ақмешіт” фольклорлық ансамблі қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.

Іс-шараның мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Ж.Жабаевтың 175 жылдығын паш ету, қазақстандық композиторлардың туындыларын жаңғырту, фольклорлық ұжымдармен тәжірбие алмасу, жас шығармашылық топтар мен әнші-термешілерді таныту, шеберліктерін шыңдау.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь