Сазды сәлем

0
220

2021 жылдың 15 қазан күні облыстық филармонияның концерт залында халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Ринат Үсенов пен Арай Маханбетжанованың “Сыр самалы” вокалды аспапты ансамблімен бірге жанды дауыста “Сазды сәлем” атты концерті өтті.

Кеште А.Сарбаздың «Құпия махаббат», С.Ұлықпанның «Ана жылуы», Т.Сарыбаевтың «Өткен күндер», Ж.Жексенұлының «Жолдар, жолдар», Б.Бөрбиевтың «Мен сені сүйем» және т.б. бірнеше танымал композиторлардың шығармалары орындалды. Сондай-ақ, «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблі Dave Koz «You Make Me Smile», Candy Dulfer «Lily Was Here» сынды шетел шығармаларын көрермен назарына ұсынып, зор қошеметке ие болды.

Өзінің қоңыр үнімен көрерменнің көңілінен жол таба білген Ринат Үсенов 2015 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясында қызмет жасап келеді. Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты. Сүйікті мамандығының шебері бола білген Ринат қазақ ән өнеріндегі ұлы тұлғаларымыздың жалғасы деп білеміз. Ал Арай Мұхамбетқызының өнерге деген құштарлығы мектеп қабырғасынан басталған. «Әнші балапан», «Бозторғай», «Таңшолпан» сынды ән байқауларының жүлде иегері. Республикалық конкурстардың лауреаты. Қызылорда облыстық филармониясына енді ғана келседе өзінің сыңғыр үнімен көрермен көзайымына айналып үлгерген жас әнші.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь