Балаларға базарлық

0
227

Үстіміздегі жылдың 6 қараша күні «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясының құрылғанына 5 жыл толуына орай облыстық филармониядан кішкентай көрермендерге арналған кіші зал салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанаты аясында театр өзінің кішкентай көрермендеріне «Балаларға базарлық» атты қойылымын тарту етті.

Жаңа кіші залда балаларға лайықтандырылған көз тартарлық декорация, атап айтқанда, ертегі кейіпкерлері, әсем безендірілген мұнаралар және бірнеше аквариумдар кішкентай көрермендерімізге ертегі әлемінде жүргендей сезім қалдырып, өзінің әдемілігімен қызықтырды. Көрермендер отыратын орындардың өзі жоғары талғаммен жасалынған.

Балауса бүлдіршіндерге бақыт сыйлайтын, көңілді кейіпкерлер, жанды образдарымен кішкентай көрермендерін әрдайым қуантып жүретін, жаңашылдықты жаны сүйетін қуыршақ театры жаңа кіші залда өз қызметін әрі қарайда жалғастырады. Алдағы уақытта өнер ұжымы жаңа қойылымдарымен көрермендерге есігін айқара ашпақ.

Айта кетейік, қойылымның сценарийін жазған “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері Азиза Издикулова, қоюшы режиссёрі Ерғазы Әбжалиев, көркемдік жетекшісі Құрманбек Боранбаев, бас суретшісі Қайырбек Өмірбеков.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь