Бір шығайын құмардан

0
175

15 сәуір күні филармония залында Сыр елінің ән шаңырағы – Қызылорда облыстық филармониясының 50 жылдығы аясында республикалық конкурстардың лауреаты, дәстүрлі орындаушы Бисенбек Төлеубайдың «Бір шығайын құмардан» атты кеші өтті.

​Төлеубаев Бисенбек Қуанышбайұлы 1985 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, қазіргі Бұхарбай батыр ауылында дүниеге келген. 2001-2005 жылдары Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде Е.Мұстафаевтың сыныбын домбыра мамандығы бойынша оқыған дәстүрлі орындаушы көптеген халықаралық, республикалық конкурстарға қатысып жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар екенін дәлелдеген.

​2007-2011 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Байбосынованың класынан дәріс алған. 2011 жылы Біріккен Араб Әмірлігінде, 2012 жылы Тәжікстанның Душанбе қаласында, 2013 жылы Түркияның Стамбул қаласында, 2016 жылы Мәскеу қалаларында өнер көрсетті.

​Кешті «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі Ж.Темірғалиевтің «Бақтыбайдың әуені» атты шығармасымен ашты. Т.Үркімбаев, Базар жырау, Ә.Бектібайұлы, Біржан сал, Ақан сері, Қазанғап, Н.Тілендиевтің айтулы шығармаларын ансамбльдің сүйемелдеуімен орындады.

​Екінші бөлімінде камералық оркестрдің сүйемелдеуімен Арқаның әуендерінен «Екі жирен», «Япурай», «Ақбақай» сынды шығармаларын көрермендерге тарту етті. Ал дәстүрлі орындаушы Бақдәулет Қарғабаев Молдабайдың әні “Молдабайды” нақышына келтіріп орындады. Кеш соңын Ақ Кете Шернияздың «Сөз сөйлейін бөлмелеп» туындысымен аяқтады.

«Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі Нұрбай Нұрғиса.

Камералық оркестрдің көркемдік жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Жаңбырбаева Анар.

Концерттің режиссёрі “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері Азиза Издикулова.

Дыбыс режиссёрі Марлен Баимбетов.

Кеш жүргізушісі Амандық Жаппарбердиев.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь