Жұлдызды жеңіс – жасампаз ұрпақ

0
178

6 мамыр күні Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне арналған салтанатты шара болып өтті.

Батыр бабаларымыздың ұмытылмас ерліктерін ұлықтаған шарада облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті.

Салтанатты шарада “Соғыстың соңғы көктемі” сахналық қойылым-концерті көрермен назарына ұсынылып, соғыс жылдарындағы жалынды әндер орындалды. Концерттік бағдарламада филармония және театр әртістерімен қатар ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь