Отбасы – ұлағат ұясы

0
170

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Атаулы дата 1993 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын атап өтіледі.

Отбасы, адалдық және махаббат – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтар. Қай уақытта болмасын отбасының адамзат ұрпағына ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. «Отан – қуат, отбасы – шуақ» деп білетін ұлтымыз отбасының тыныштығы мен құндылықтарын бірінші орынға қойған. Осы орайда Қызылорда облыстық филармониясы ұжымы «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылымен бірлесіп, қайырымдылық концерт өткізді.

Бағдарламада облыстық филармонияның өнер иелерімен бірге балалар ауылының тәрбиеленушілері бірігіп ән шырқап, би биледі.

«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейсін. Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтың әр отбасының керегесі кең, шаңырағы берік болсын!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь