Алматыда  «Сыр сүлейін сұрасаң…» жыр кеші өтті

0
367

23 мамыр күні Алматы қаласы, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының концерт залында Сыр елінің ән шаңырағы – Қызылорда облыстық филармониясының 50 жылдығы аясында және Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 140 жылдығы мен Базар жыраудың 180 жылдығына арналған «Сыр сүлейін сұрасаң…» атты Сыр елі дәстүрлі орындаушыларының жыр кеші өтті.

Концерттік бағдарламада Сыр елінің жыраулық мектептері Нұртуған, Жиенбай, Нартай, Сәрсенбай жыраулардың ізін жалғастырушы кейінгі буын жыраулар- «Халықаралық ақын-жыраулар одағының» мүшесі Амандық Бүрлібаев, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері – ұстаз Руслан Ахметов, Сәрсенбай жырау мектебінің өкілі, Сәрсенбай жыраудың немересі Майра Сәрсенбаева, Мәдениет саласының үздіктері – Нартай мектебінің өкілі Ақмарал Ноғайбаева, тыңдаушысы таңдай ұрған белгілі жырау Серік Жақсығұлов, түрлі деңгейдегі жыршылар байқауының жеңімпаздары, тағы да басқа бүтін өнердің берекесін келтірген майталман жыршы-термешілер Әділхан Қуаңбаев, Бисенбек Төлеубай, Марат Сүгірбай, жеті атасынан жыраулық өнер жалғасқан атақты Жақсан жыраудың немересі Жәнібек Жақсанов және дәстүрлі орындаушы Бағдаулет Қарғабаев өнер көрсетіп, алматылықтарды өлең-жырмен сусындатты.

Әсем әуен, сырлы саз, мың құбылған мақам көпшілік көрерменнің құлағының құрышын қандырып, көңілін бір көтеріп тастады. Әр алуан жыртерме орындалған сайын риза болған жұрт қошеметін көрсетуден жалыққан жоқ.

Жыр кешінің жүргізушісі Амандық Жаппарбердиев.

Концерттің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясына, директоры Жылқышыбайұлы Ақан мырзаға және ақпараттық қолдау көрсетіп, толық телевизиялық түсірілім ұйымдастырған «АBAI TV» телеарнасына және ұжым басшысы Азамат Кеңесұлына үлкен алғысымызды білдіреміз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь