ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ ЕТТІ

0
569

Үстіміздегі жылдың 29 қазан күні облыстық филармонияның концерт залында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Санкт-Петербург қаласының Музыка үйінен арнайы шақырылған халықаралық конкурстардың лауреаты, пианист Андрей Дубовтың классикалық концерті болып өтті.
Жалпы, Андрей Дубов 1987 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген.
2006 жылы Гнесин атындағы арнайы музыкалық орта мектепті үздік дипломмен бітіріп, осы жылы Гнесин атындағы Ресей музыка академиясына оқуға түсті. Сонымен қатар, Дубов Москва қаласында өткен «Классическое наследие» атты Халықаралық байқаудың лауреаты. «Путь к Мастерству» атты І Бүкілресейлік фортепиано байқауының жеңімпазы. Сондай-ақ, VII Жастар Дельфийлік ойындарының І дәрежелі сыйлығының лауреаты және «Алтын алқа» иегері. Оның жеткен жетістіктері аз емес.
Концертте Андрей Дубов белгілі композиторлар Фредерик Шопен, Роберт Шуманның шығармаларын орындады.
Сонымен бірге сыр жұртшылығына ерекше кеш сыйлаған Андрей Дубов Cергей Рахманинов, Игорь Стравинский секілді дарын иелерінің де туындыларын орындап, халықтың ыстық ықыласына бөленді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь