ДАЛАНЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ДАУЫСТАР

0
518

Еңбекті ерлікке, ерлікті елдікке жалғаған еңбекшілердің бұл күндері қызыққа бұрылып қарайтын уақыты жоқ. Олардың қызығы – қырман, тамашасы – егіс танабы.Маңдайынан аққан тер төсін жуған сол еңбеккерлерге ән-жырмен жігер беріп, күймен күш қосуды мақсат тұтқан облыстық филармония өнерпаздары Еңбек күні мерекесі үстінде Нағи Ілиясов ауылына барып, қырман басында концерт берді.

Еңбеккерлер үкілі домбыраның үнін аспандатқан Үміт Медеуова мен әсем дауысты Гүлфира Әлиханованың өнеріне өзгеше ықылас танытты. Нартайдың сазын сызылтқан М.Бекпейісов, қазақ әуендерін құйқылжыта төккен Б.Найманов, Р.Үсенов, О.Нұралиев, А.Қуаныш секілді өрен өнер иелеріне қошемет етіп, қол соқты.

«Абзал и К» компаниясының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ерәлиев өнерпаздардың игі ниет, ізгі қадамдарына алғыс білдіріп, оларға шығармашылық табыс тіледі. Даланы жаңғыртқан дауыстардың еңбеккерлерге ерекше әсер беріп, құлшыныс сыйлағаны даусыз.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь