ФИЛАРМОНИЯ ӘРТІСІ «МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

0
690

Филармония әртісі Назерке Нұраддинова Астана қаласында өткен Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» фестивалінің І орын иегері атанды.

Облыстық филармония әншісі Назерке Нұраддинова Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ ән байқауларына қатысып, үлкен сахнаға жолдама алған Назерке бұған дейін бірнеше конкурстардың лауреаты. Өнер саласын таңдаған Назерке М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжін тәмамдаған. Онан кейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша дәріс алып шықты.

Айта кету керек, 2007 жылы «Менің даусым, Отанға!» Сыр жұлдыздары өнер байқауының 1орын жүлдесін, 2008 жылы Алматы қаласында өткен республикалық «Әсеттің әсем әндері-ай» байқауында 3 орынды, 2009 жылы респуликалық «Арай» ән байқауында 2 орынды иеленген. Жас та талантты әншінің алда алар асулары, бағындырар белестері көп деген сеніміміз мол.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь