«ҚОЙ ЖЫЛЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ» АТТЫ БАЛАЛАР ЕРТЕҢГІЛІГІ ӨТТІ

0
738

Жаңа жыл қарсаңында желтоқсан айының 25-29 күндері аралығында облыс орталығындағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Қой жылының құпиясы» атты шытырман оқиғаға толы жаңажылдық ертеңгілік өткізді.

Балаларға арналған салтанатты шара өте қызықты өтті. Қатал Қар ханымның қаһарынан орман тұрғындары, азулы қасқырдан қой жылын құтқару үшін көптеген батыл әрекеттер жасалады. Көмекке келген Кунг-Фу Панда По, Аққала, Ақ қоян, Қарша қыз бен Аяз ата барлығы Жаңа жылды жақсылықпен қарсы алу үшін жамандықпен аянбай күреседі. Кунг Фу панда мен Роботтың күресі балалардың қызығушылығын оятып, бір сәт өздері де мультфильм кейіпкерлеріне ұқсап кеткендей болды. Ертегі соңында жақсылық жеңіп, жамандық жеңіледі. Ал бұған бала көңілі жақсылықтың мәңгі жеңімпаз екеніне құлай сенді. Ертеңгілік кезінде филармония қызметкерлері балаларға сыйлықтар үлестірді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь