СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫ ӘННЕН ШАШУ ШАШТЫ

0
516

2015 жылы кең көлемде тойланатын ұлы мерекелердің аясында облыстық филармониясының ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде классикалық ән кеші және облыстық филармонияның әртісі Гүлжан Нұржанова бастаған Сыр елінің өнер иелерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өткізілді. Кеште қазақтың ғана емес, әлемнің бекзат өнері, жауһар жырлары шырқалып, отандық компазиторлардың шығармалары ұсынылды. «Томирис» би ансамблі, дәстүрлі орындаушалылар және республикалық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті. Шарада халық әні «Бүлдірген», «Беу айдай», «Гаухартас», А.Бекенованың «Сыр Алаштың анасы» әндері орындалып, көрермендердің жүрегінен жол тапты.

        Ақпан айының 13-ші жұлдызында  20/19  әскери бөлімінде Жеңістің 70 жылдығы аясында Демократиялық Ауған Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл толуына арналған филармония өнер иелерінің концерті өткізілді. «Томирис» би ансамблі және Н.Нұраддинова О.Нұралиев, Б.Кәкім концерттік бағдарламамен қамтамасыз етті.

       Сонымен қатар ақпанның 14-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде жанды дыбыспен жүрекке сұлу саз сыйлаған «Мәңгілік музыка» атты «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблі мен үрлемелі аспаптар ансамблінің концерті өтті. Ансамбль өз көрермендерімен  қазақ композиторларының әндері мен төл туындыларынан тұратын жаңартылған репертуарымен бөлісті. Концертте А.Наукеева, Ә.Тәуекел және үрлемелі аспаптар ансамблі өнер көрсетті.

       Аталмыш шаралар Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь