«МЕЙІРІМ ШАПАҒАТЫ» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ

0
766

28 наурыз күні «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының концерттік залында Қызылорда облыстық филармониясы мен «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы бірлесіп қызылордалық  1,5 жасар бүлдіршін Адият Мұратбекке арнап «Мейірім шапағаты» атты қайырымдылық концерт өткізді. Адият Мұратбек туылғалы бері дене мүшелері дамымай, қимылсыз қалған, шетелде операция жасалуы керек екен. Бүлдіршіннің кедергісіз жұмыс істейтін жалғыз ағзасы – жұдырықтай жүрегі. Адияттың жарық дүние есігін ашқан кезінде туа бітті бірнеше диагноз қойылған. Орталық жүйке жүйесінде даму ақауы, гидроцефалия және бел омыртқасында жұлын ми жарығы пайда болыпты. Жүйке жасушаларын зақымдаған жараны алып тастау үшін екі мәрте операция жасалған. Алайда операция кезінде нәрестенің басына, ми айналасына сұйықтық жиналып, омыртқа бойына тарап кеткен. Салдарынан шақалақтың тірек-қимыл жүйесі қозғалыссыз, жылт еткен жарықты көру қабілеті төмендеп қалған.

Кішкентай Адиятқа көмек көрсету мақсатында өткізілген қайырымдылық концертке ҚР еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова, ҚР Мәдениет қайраткері Үміт Медеуова, «Томирис» би ансамблі, «Тұран» триосы, Гүлфира Алиханова,  Бекзат Молдабергенов және филармония өнерпаздары қатысты.

Концерттен 350 000 теңге қаржылай жиналып, түскен қаржы Адияттың анасы Мөлдір Ғалымжанның есепшотына толықтай аударылып берілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь