ТҰРМАҒАМБЕТ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ КӨРЕРМЕНІН СЕРПІЛТТІ

0
1464

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрінің  «Тәуелсіздік-мәңгіліктің тірегі» атты 44-ші маусымдық жабылу концерті өтті.

Ұлттық өнер ұлағатымыз, руханиятымыздың дәуір діңгегі. Қазақ ұлттық музыкасын кәсіби деңгейде дамыту мақсатында шығармашылығын шыңдап келе жатқан Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі қазақ композиторлары мен әлемдік классика алыптарының туындыларын орындап насихаттап келеді. Сыр саңлақтарының төл туындыларын көрерменге паш еткен оркестр ұжымы жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

Оркестрдің  бас  дирижері ҚР мәдениет саласының үздігі Күлдәрі Ізбанова және ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Мәдениет қайраткері  Кеулімжай Ботабаев пен көркемдік жетекшісі Самат Аблаевтардың ерен еңбегі де осы сәтте көрініс тапты. Маусымдық жабылу барысында  Базарбай Жұманиязовтың «Серпіні», Шал Мырзаның «Бес қыздың бел шешпейі», Әлшекейдің «Терісқақпайы»  тағы басқа да шығармалар жоғары деңгейде орындалып, көптің көңілін бір серпілтті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь