АУДАНДАРДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

0
548

Үстіміздегі жылдың 28-29 қыркүйек күндері аралығында филармонияның өнер ұжымдары ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Шиелі,  Жаңақорған аудандарына гастрольдік сапармен барды.

Шиелі ауданынан бастау алған шарада «Томирис» би ансамблі мен О.Нұралиев, Н.Нұраддинова, Н.Тілеулесова сынды жеке орындаушылар өнер көрсетті. Аудан халқына көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған шара «Арман» мәдениет үйі мен Салтанат сарайында ұйымдастырылды. Мұнда қазақтың ұлттық билері мен әлем халықтарының болмысын паш етіп, мәдениетін танытатын түрлі билер көрініс тапты.

Мұнан әрі гастрольдік сапар Жаңақорған ауданында «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің «Тәуелсіздік толғауы» атты концертімен жалғасты. Ұлы дала елінің өнер қырандары қазақ әнін көкте әуелетіп, мың бұралған көркем билерімен көпшілікті тәнті етті. Жаңақорған жұртшылығына ҚР Мәдениет қайраткері төсбелгісінің иегері Ү.Медеуова, М.Сүгірбай, Т.Ағыраев сынды орындаушылар әсем ән мен жауһар жырдан сыйлады.

– Қолымызға ұлттық аспапты ұстап қазақтың руханиятын жер-жерге, ел-елге таратып, жұртшылықты рухани қажеттіліктерімен қамтамасыз ете алсақ – біздің мақсатымыздың орындалғаны. Өнерге сусап отырған ағеден елдің көңіліндегісін дөп басып, жыр-термеден кезек-кезек ағытсақ, біздің де шабытымыз шалқар болары анық. Өнер адамдары – елдің баласы. Біз бұл сапардан ерекше әсер алып келдік, – дейді жыршы М.Сүгірбай.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь