«Ля-ля-фа» балаларды шақырады

0
448

Елбасының «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында «Ля-ля-фа» балалар мюзикл студиясы ашылып, мәдениет қайраткері, қаламгер Тілеген Бекарыстановтың «Таусылмасын ертегім» қойылымымен шымылдығын түрді. Талапты балалардың шығармашылығын шыңдаған қойылымның бас режиссеры – Оңталап Нұрмаханов. Ал қойылымның негізгі әртістері – балалардың өзі. Басты рөлдерде – Еламан Серікұлы мен Сезім Қаһарман. 

Театрға көрермендердің лық толғаны соншалық, ересек балалар қойылымды тұрып тамашалады. Қала балабақшалары мен бастауыш сынып оқушыларына ерекше көңіл-күй сыйлаған студия ұжымына ата-аналар да шексіз риза. Қойылымда сондай-ақ «Томирис» би ансамблі, «Сыр сандуғаштары» балалар вокалды тобы, «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының өнерпаздары, «Ай-ару», «Балбұлақ» би топтары да өнер көрсетті.

Айта кету керек, облыстық филормания жанынан ашылған, Азиза Іздіқұлова жетекшілік ететін бұл жоба алда тағы түрлі шаралармен балаларды қуантпақ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь