НАУРЫЗ АЙЫНЫҢ НАҚЫШТАРЫ

0
604

4-наурыз күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Батыс Қазақстан облыстық дирижер, композитор, домбырашы, музыка зерттеуші, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Дәулеткерей атындағы оркестрдің көркемдік жетешісі және бас дирижері, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Еркін Нұрымбетов пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиев Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестріне шеберлік дәрісінің нәтижесін көрсету мақсатында «Шынайы шеберлік» атты концерті өткізілді.

       5-наурыз күні облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасымен бірігіп, телеарнаның концерт залында филармония өнер иелерінің қатысуымен «Мереке күніңмен» атты мерекелік концерт өтті. Аталмыш концертте «Томирис» би ансамблі, «Тұран» триосы, ҚР Мәдениет қайраткері Ү.Медеуова және тағы басқа әншілер қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

    6-наурыз күні Қармақшы ауданында аудан әкімінің қатысуымен   Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік салтанатты шара   өтті. Шараға «Томирис» би ансамблі, Ү.Медеуова, Г.Бисекенова, Б.Найманов, Р.Ысқақова, Р.Үсеновтер концерттік бағдарламамен қамтамасыз етті.

       Сонымен қатар Шиелі ауданында Камералық оркестрдің концерті болып өтті. Оркестр әлемдік және қазақ халқының туындыларын орындап аудан тұрғындарына рухани демалыс сыйлады.

        7-наурыз күні Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында Г.Нұржанова бастаған өнер иелері гастрольдік сапарда болды.  «Томирис» би ансамблі, О.Нұралиев, Б.Кәкім, А.Қуаныш, Н.Тлеулесова және Д.Алмасұлы әдемі әндерімен көрермен көңілін бір серпілтті.

       8-наурыз күні Н.Бекежанов атындағы драма театрда       «Жібек сезім» атты ҚР еңбек сіңірген әртісі К.Қалымбетованың шығармашылығына  35 жыл толуына арналған концерті өтті. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Астана опера» және балет театрының солисті Бибігүл Жанұзақ, эстрада жұлдыздары Г.Сіргебаева, Д.Болатбаев «Тұран» триосы, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, А.Кенжеғараева және И.Ахметова мен Г.Абитовтер қауымға қуаныш сыйлап, ән-шашуларын шашып, көрермен ықыласына бөленді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь