ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАҒАН КҮН

0
639

18 наурыз күні Н.Ілиясов ауылында ауыл әкімшілігімен тұрғындарына «Би – белес» атты «Томирис» би ансамблінің концерті өткізілді. Концерттің бағдарламасында Н.Нұраддинова, Г.Әлиханова, О.Нұралиевтар өнер көрсетіп, ансамбль қазақ биінің сұлулығын, өзге ұлттардың биін және заманауи бимен ұштастырып тұрғындарға ғажап кеш сыйлады.

21 наурыз күні орталық алаңда 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне арналған «Наурыз нақыштары» атты концерт өтті. Концертке облыстық филармония өнерпаздары өнер көрсетіп жиылған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, 22 наурыз күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Әз наурыз – ән көктем» атты концерт болып өтті. Мерекелік концертке «Томирис» би ансамблі, «Тұран» триосы, ҚР Мәдениет қайраткері Ү.Медеуова, Г.Нұржанова, Р.Ысқақова, Б.Найманов, Г.Бисекенова, Г.Әлиханова, Н.Нүраддинова, Р.Үсенов, О.Нұралиев, Н.Тілеулесовалар әдемі әндерімен көрермен көңілін бір серпілтті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь